Қасым аға – Әубәкір Дастанұлы

Бұл бетте «Қасым аға» атты Әубәкір Дастанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жігіттің жігіттігі намысында,
Түседі жау тигенде ары сынға.
Жүректі жолбарыстай жонда жортқан,
Жауымен дайын тұрар алысуға.

Қайырмасы:
Қасым аға,
Асыл аға,
Жауыңа болып тидің
Жасын аға!
Қасым аға,
Батыр аға,
Еліңе мақтан болды
Атың аға!

Қасымның батырлығы ірі болды,
Шайқаста партизанның пірі болды.
Жерінде Украина ерлік жасап,
Көзімен бүкіл халық мұны көрді.

Қайырмасы

Ерлігі Қабанбай қарт бабасындай,
Кеңдігі ғажайып мәрт даласындай,
Өрлігі өрттей өжет жалын атқан,
Қазақтан туар ма ұл дәл осындай.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар