Әубәкір Дастанұлы
Нілібаев Әубәкір Дастанұлы (20.4.1928, Жаңа тұрмыс ауылы, Зайсан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) – ақын, аудармашы.
Зайсан пед. училищесін (1948), ҚазМУ-ды (1961) бітірген. Мұғалім, партия қызметкері, газет-журналдарда редактор қызметтерін атқарған. Тұңғыш жыр жинағы “Таңғы тыныс” 1967 жылы жарыққа шықты. “Болашақ осылай басталған” (1970), “Жыр жалау” (1972), “Қоңыр жел” (1973), “Алаулаған армандар” (1974), “Көңіл көзі” (1976), “Інкәр жүрек” (1978), “Күнім менің” (1980), “Жер жүрегі” (1984), “Звезды степи” (1984), “Асыл адам” (1989), “Мың сөз” (2001), т.б. кітаптары жарық көрген. Ол антик. әдебиеттен Эсхилдің “Бұғауланған Прометейін” (1975), үнді эпосы “Махабхаратаны” (2002), зороастризмді насихаттаған “Авестаны”, қытай философтары Конфуций, Лао-цзы, Чжуан-цзы трактаттарын қазақ тіліне аударған. Түрік ақыны Жүніс Әміре (1996) мен пәкістандық Мұхаммед Иқбал (1998) шығармаларын тәржімалаған.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі