Үш кемеңгер – мәртебем
Бұл бетте «Үш кемеңгер – мәртебем» атты Жарасбай Нұрқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 07.09.2024
- 0
- 0
- 1134
Ақбоз үй, ең әдемі, ең үлкен үй,
«Елім» деп күмбірлейді кеудемде күй.
Қазақтың басын қосқан бабаларым,
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Қайырмасы:
Абыройы – Алатау,
Көкірегі – Сары Арқа,
Көңілі дария – Атырау,
Үш кемеңгер – мәртебем,
Алмағайып өмірде,
Астананың төрінде,
Ақылдасып отыр-ау!
Олай болса, япыр-ау,
«Атамекен жеріңде,
Ұланғайыр еліңде –
Тынысың да, демің де
Бірге болсын, бөлінбе!»
Деген асыл сөзіне
Ден қойсаңшы, жұртым-ау!
Жақсылар, жаны жомарт сезімдерге,
Баураған алты алашты сөзімен де.
Үшеуі бір ауыздан билік айтқан,
Ой салып Абылайдың өзіне де.
Қайырмасы
Сүйсең, сүй қазағымның аруларын,
Тусаң, ту бағымызға бауырларым.
Жарықтық Төле, Қазыбек, Әйтеке, деп,
Ардақтап, қадірлей біл аруағын.
Қайырмасы
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі