Тұтқынның сөзі
Бұл бетте «Тұтқынның сөзі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен еліме оралдым,
Толып жатыр көргенім,
Жаны сірі адаммын,
Өлмедім мен, өлмедім.
Қара құлып күзетті,
Күн жарығын көрмедім.
Қабырғадан сыз өтті,
Өлмедім мен, өлмедім.
Қуқыл тартты ақ жүзім,
Ішінде тас бөлменің,
Таусылмапты дәм-тұзым,
Өлмедім мен, өлмедім.
Атымды да ұмыттым,
Болдым иттей қарғылы.
Оты әлсіреп үміттің
Ажал мені аңдыды.
Ниеті ме ақ пейіл,
Көп тілеген анамның,
Өлмедім мен әйтеуір,
Қайта еліме оралдым.
Сонау соғыс күндері,
Салып кетті таңбасын,
Созып келем ілгері,
Сынық өмір жалғасын.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі