Бұл бетте «Бажаларым» атты Сайлаубай Тойлыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тәнті болсам сөзіңе табынамын,
Табынам да қасыңнан табыламын.
Бажалардың бақыты баяндылық,
Өздеріңді көрмесем сағынамын.
Базарларым,
Назарларым,
Айналайын өзіңнен, Бажаларым!
Қалжыңдассам қалжыңмен «жазаладың»,
Сендер жайлы жақсы жыр жаза аламын.
Бастарымыз жиірек қосылсын деп,
Бере салған сендерді, бажаларым!
Базарларым,
Назарларым,
Айналайын сендерден, Бажаларым!
Бір ой келіп көкейді мазаладың,
Жамандықты бойымнан тазаладың.
Жадыраған күлкіңмен жан тербеткен,
Ойнап-күлер, ақ пейіл, бажаларым!
Базарларым,
Назарларым,
Айналайын ақ пейіл, Бажаларым!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі