Көріпкел әулие
Бұл бетте «Көріпкел әулие» атты Берлібек Аманбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Жетсін» деген ұрпаққа қасиетің,
Ақ қанатты, өміршең өсиетің.
Ғасыр келді қайтадан қайталанбас,
Құдіретіңе, о бабам, бас иетін.
Таңғажайып құдіретің адам сенбес,
Құбылыс жоқ сияқты, саған көнбес.
Сипай салып, сынықты бүтіндеген,
Қалықтап жүр аспанда ақ ән сөнбес.
Қайырмасы:
Абылайдың көріпкелі,
Қабан, Бұхар серіктері.
Жүрек сырын шын түсінген,
Көкірекке күн түсірген,
Көтен-тәуіп әулие ата.
Шапағатың ақ нұрдай жауып өтіп,
Жанға сая өзіңнен тауып едік.
Өлсең дағы қорған боп тұрсың әлі,
Ұрпағың жүр басыңа тәуіп етіп.
Кім айтады қазір де, барың жалған
Жеті әулие түнеген қорым қалған.
Жүрсің әлі халқыңа қамқор болып,
Түске еніп, аяның орындалған.
Қайырмасы
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі