Құр ауаны кескілейтін сұрақтар – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Құр ауаны кескілейтін сұрақтар» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құр ауаны кескілейтін сұрақтар,
Ештеңені естімейтін құлақтар.
Ауыздар бар сөйлейтұғын жақ талмай,
Ал, ақиқат үнсіз жатыр ақталмай.
Қалағанын көре алмаған қарашық,
Қарашы әне, көшеде отыр бал ашып.
Көріпкелдің кейпіне енген көлгірлік
Адастырмақ дүниені данасып.
Аяқтар жүр жүрісінен жаңылып,
Жаңылудан табамын деп жаңа үміт.
Екі қол да болып шықты алаған,
Қандай жаза тарттырасың ал оған?!
Ал қарындар... қарын жайлы білем не?
Не жақсылық жасады екен бұл елге?
Салмақтасақ мұның бәрін байыпты,
Осы күймен өмір сүру лайықты
мүмкін емес,
сондықтан да, адамдар,
Сырқат емес сау мүшеңді түгенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері