Жол үстінде жолығып – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Жол үстінде жолығып» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жол үстінде жолығып,
Жол үстінде қоштасып,
Үлгердік пе, білмеймін
Қимас жандай достасып?
Түйістіріп көзге көз
Қарадық па дұрыстап,
Екеумізді күтті ме?
Ақ қар басқан күміс бақ.
Ести алмай кеттік пе
Жүректердің қағысын,
іңкәрліктің тынысын,
сезімдердің дауысын?!
Сүйікті де демедік,
Сүйе де алмай қанып бір,
Сіздің жұлдыз әнекей
Жоғарыда жанып тұр.
Түсіме ене береді
Сұлу, суық түсі ақ қар…
Қыспай қалған құшақтар…
Ұшпай қалған ұшақтар…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері