Расында өмірдің несі жалған? – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Расында өмірдің несі жалған?» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Расында өмірдің несі жалған?
Әлі талай ашылар есік алдан.
Неге екенін, сонда да аласұрам
Кербұғыдай мүйізін кесіп алған.
Олжашыл жұрт екен ғой о да айлалы,
Тоғайған көңіл қайда тоғайдағы?!
Ауырдың астында жүр аз ғана топ,
Жеңілдің үсті барда оңай бәрі.
Шағыр бұлт емес екен басқамыздай,
Шақшиып өте шықты жас тамызбай.
Миығынан күлетін мына тірлік
Ақ мысығын жүгірткен Мақта қыздай.
(Болар ма екен мерейі мың күнімнің),
Түнеп шыққан түбіне кіндігімнің
турашыл ой туғаншыл емес екен,
Ойып алды бір көзін ындынымның.
Инабатым болғанмен иықтылау,
Алмасумен келеді биік, құлау.
Қызыл-жасыл құбылған сиқыр дүние
Сыңар көзге бәрібір сыйып тұр-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Расында өмірдің несі жалған? өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Расында өмірдің несі жалған? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Расында өмірдің несі жалған? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Расында өмірдің несі жалған? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері