Вальс – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Вальс» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Басталды вальс, баяу ән,
Биледік сонда шыр айналып.
Бақытым шығар таяған.
Жанарға жанар байланып...
Сол сәтте жер де, әуе де –
Дүние кетті дөңгелеп.
Дәру бола алмас дәнеме,
Би ғана мені емдемек.
Тербеліп жүрмін шаттанып,
Керемет вальс ырғақты.
Алғаусыз көңілін ақтарып,
Тағдырым маған тіл қатты.
Балтатып тұрды кермегім,
Жұп болса, болсын тек мендей.
Өзгені мүлде көрмедім,
Өзге әлемге еніп кеткендей.
Өмірдің білдім әр қырын,
Жайдарлы екен ол, жаны ізгі.
Мен емес, маған тағдырым,
Талпынып тұрған тәрізді.
Дертіңнің тапсаң дауасын,
Қайтесің оған шағынып.
... Тағдырдың аппақ жағасы,
Далабым қалды жағылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері