Жасандыны бүркемелеп жарнама

Бұл бетте «Жасандыны бүркемелеп жарнама» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жасандыны бүркемелеп жарнама,
Жалған тұғыр соғып жатыр қарғаға.
Сайтандардың сыбыры көп тірлікте
Айқайлауды ар көретін Ар ғана.
Төрге де озбай тосылғанда кішілік,
Кісімсиді кеуек кеуде ісініп.
Қай жерде жүр ертегінің Жаманы,
Сынағанға – сырты ұсқынсыз, іші құт?
Ертегі - өмір «Ертеде бір...», - деп тағы
бастады да кібіртіктеп тоқтады.
Ертегі емес, ертеңіне алаңның
Өзегінде өмір емес, өт дәмі.
Қай ырым-ды?
Қайырымды кәделі,
Әсіресіз әрлі еді оның әлемі.
Кереғарға күліп аштық есікті,
Келе нарға жүк болар-ау әлегі.
Не үшін айтам, несін айтам, әй, бірақ,
Жалғандыққа дәл осысы жайлырақ.
Соғыстырған қилы адамды қай түлен?
Тоғыстырған қандай мүдде, қай мұрат?
Бәрі-бәрі араласты мидай боп,
Шындық аз да, шатпақ пенен шимай көп.
Қурай кепкен сына қоймас сірә да,
Сыймай кетсем сүйем Жерге тулай кеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасандыны бүркемелеп жарнама өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Жасандыны бүркемелеп жарнама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасандыны бүркемелеп жарнама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасандыны бүркемелеп жарнама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері