Туған ел – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Туған ел» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 8033
Туған ел, өскен жер,
Ыстықсың жаныма.
Күн нұры, жаз лебі
Тараған қаныма.
Тамаша тарихтың
Бәріне куәсің.
Ерліктің, даңқтың
Сақтадың мұрасын.
Ғажайып ертегі,
Ертеңгі күндерің.
Арқаң ғой өзіңнің,
Алшаңдап жүргенім.
1946
* * *
Дауысы күзгі күннің күркіріндей,
Аршындап алған беттен бір мүдірмей.
Барады егін орып комбайндар,
Сүңгіген көк теңізге сүңгуірдей.
Тынбайды қызу еңбек түніменен,
Секілді тау өзені гүрілдеген.
Ортада жалтыраған қызыл қырман,
Үстінде ай сәулесі дірілдеген.
1946


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері