Өлең, жыр, ақындар

Нені аңсадым, не күттім, нені іздедім?

  • admin
  • 07.09.2024
  • 0
  • 0
  • 333
Нені аңсадым, не күттім, нені іздедім?
Кеудесінен күндердің кен іздедім.
Есер болған есіме ем іздедім.
Қапас түннен ағарған таң іздедім,
Шабысынан жүйріктің шаң іздедім,
Тоғышарлау тірліктен мән іздедім.
Ордалы оймен сезсем деп отыз демін,
Ойлы жастың көзінен от іздедім.
Жолаушыдай жүдеген жоқ іздедім.
Ажарынан арудың ар іздедім,
Көкірегінен кереңнің ән іздедім.
Айқыш-ұйқыш әжімнен әр іздедім.
Жетімектің жүзінен күлкі іздедім,
Көште қалған күшіктей жұрт іздедім.
Жұмбағы көп дүние, кілт іздедім.
Жеткізсін деп жырымды жел іздедім,
Құтқарам деп ұсынар қол іздедім,
Апаратын жұмаққа жол іздедім.
Бәрін-бәрін әлі де іздеп келем,
Сабылумен қыс пен жаз, күзді өткерем.
Қауышу мен тұрады жоғалтудан,
Баяны жоқ дүние біз беттеген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыбық ұстап бағлан баққан күндер

  • 0
  • 0

Шыбық ұстап бағлан баққан күндер,
Ағынындай Ақсудың аққан күндер.
Алтыны да, күмісі керек емес,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Шымшық-жаным қалай тұрсын шыр етпей

  • 0
  • 0

Шымшық-жаным қалай тұрсын шыр етпей,
Көз талдырдым кеткеніңе күн өтпей.
Сен жайлы ойдан мендік жүрек-жалауым,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Жер шарындай жүргенім шыр айналып

  • 0
  • 0

Жер шарындай жүргенім шыр айналып,
Жылдар ағып барады шырайды алып.
Аң-тірлікке таса жоқ, саятшы-өмір
Сағыныш Намазшамова

Толық

Басқа да жазбалар