Жастықтың үңіл көзіне – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Жастықтың үңіл көзіне» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жасырайын жібек мұңды кей іште,
Жадырайын жүргендейін пейіште,
Жағылайын дегеніммен от болып,
Жамырайды ой үшке.
Сағынайын, сағынбасқа жоқ әлім,
Сағым – Айым қолым жетпес жоғарым.
Сан ұнайын бәзбіреуге, бәрібір
Сабыламын лайым.
Талпынайын таусылғанша бір күн дем,
Толқындайын жағалауға жүгірген.
Таң құлайын дегенінде Күн шығып,
Таң қылайын дегені ме, кім білген.
Шаршамайын, әлсіреуге жоқ қақым,
Шарпымайын, жақындама отқа тым.
Шалқы дәйім, шағаладай көңілім,
Шарқ ұрайын, дұшпанға - көз, досқа – сын.
Асығамын ұмтылумен алға адым,
Ашынамын бүксе біреу бармағын.
Асырамын десең байлық – асылық,
Асыл арың - ардағың.
Бар арайын төгіп тұрса бұла Күн,
Бағалайын бақытымның бұлағын.
Баладайын құмартамын білуге,
Бітер емес сұрағым.
Күл-сезімнің қоламтасын түн үрлеп...
Күмбезім тұр Күнге қарап күлімдеп.
Көрем десең мұның бәрін, Жастықтың
көздеріне үңіл кеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жастықтың үңіл көзіне өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Жастықтың үңіл көзіне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жастықтың үңіл көзіне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жастықтың үңіл көзіне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері