Жаңа ғана тұрған бұлттар көк тіреп – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Жаңа ғана тұрған бұлттар көк тіреп» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жаңа ғана тұрған бұлттар көк тіреп,
Жылап жатыр қара жерді тепкілеп.
Жұбатуға сергек самал ептірек,
Құрғатуға тамшыларды өпті кеп.
Жер-дүние жайқалсын да құлпырсын,
деп құшағын жайды бізге бір тылсым.
Көк оянып Күнге қарай ұмтылсын,
Серпіп тастап топырақты бір шымшым.
Бұл көктемде алапат бір күш барын,
Сездім қайтып оралғанда құстарым.
Естіледі алау Күнге құштар үн,
Пай-пай, шіркін,
неткен ғажап ұстаным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа ғана тұрған бұлттар көк тіреп өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Жаңа ғана тұрған бұлттар көк тіреп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңа ғана тұрған бұлттар көк тіреп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңа ғана тұрған бұлттар көк тіреп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері