Қайда жүрсің, қай жақтың белесінде – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Қайда жүрсің, қай жақтың белесінде» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қайда жүрсің, қай жақтың белесінде,
Керуен көшіп барады, келесің бе?
Алданба жол жақын деп ұзақ күнге,
Қам жаса, көш-дүбірге құлақ түр де.
Алаңдаулы күйдемін күймемде әлі,
Жолға кеткен жандайын сүйген жары.
Неге үнсіз, белгі жоқ, хабар қайда?
Қарайған көңіл онсыз ағармай ма?
Тоқта дедім, уақыт бағынбайды-ақ,
Сусыған күн қайтемін бағын байлап.
Құлағыңа жете ме әнім жайлап,
Қадамыңды қойған-ау сағым байлап.
Тірінің сағынышына таңым да айғақ,
Өлгендер сағынбайды-ақ, сағынбайды-ақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда жүрсің, қай жақтың белесінде өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Қайда жүрсің, қай жақтың белесінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда жүрсің, қай жақтың белесінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда жүрсің, қай жақтың белесінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері