Анау қырда сап түзеген молалар – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Анау қырда сап түзеген молалар» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Анау қырда сап түзеген молалар,
Кеткен жанның мекені емес оралар.
Әкем, ағам, ерім кетті сол жаққа,
Қайтып келмес қарағанмен жол жаққа.
Бізбен бірге бет сипайды батар күн,
Сөйлейді әжем зиратына атамның:
«Келемін, - деп – шал-ау сенің қасыңа».
Екі әлемнің арасы тым қашық, ә?
Кейде маған көрінгенмен жақын-ақ,
Бөліп жатыр ұлан-ғайыр атырап.
Тірілердің жасқа толар етегі,
Өйткені әлі мұнда орын жетеді.
Молалар ғой мәңгіліктің мекені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері