Ата-ана және тұрмысқа шыққан қыз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 9641
Таныс емес тағдырдың әні кімге!
Титықтайды тұрмыстан кәнігі де.
Баласы бар,
Байы бар келіншектің
Ата-анасыз күні жоқ әлі күнге.
«Қызық көріп бетінің қызылында»
Тапсын ұлдың түзігін,
Бұзығын да!»,—
Деп бергісі кеп тұрса шешесінің,
Алғысы кеп тұрады қызының да
Тауқыметтен ащы тер төгілді ме?
Қиындықтан қабырға сөгілді ме?
Пәтерді де әперген ата-анасы,
Ата-анасы әперген мебельді де.
«Ойға шомып бір мезет отты көзің,
Өзіңді-өзің бағатын жетті кезің!»—
Демесе де
Үйінен ата-ананың
Әлі күнге алады еттің өзін.
Бала кездің жайқалған бал құрағы
Осы үйге кеп құнанын шалдырады.
Кездескенде
Еркелеп баяғыдай
Анасына балмұздақ алдырады.
Қызды ойламай қалайша жата аласың!
Әлі жұмыс жасайды отағасың...
Қанаттанып кетсе де
Балапандар
Ашады аузын көргенде ата-анасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ата-ана және тұрмысқа шыққан қыз өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ата-ана және тұрмысқа шыққан қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ата-ана және тұрмысқа шыққан қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ата-ана және тұрмысқа шыққан қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері