Жарамсақтың қолын ап – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Жарамсақтың қолын ап» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жарамсақтың қолын ап,
Жылмақаймен бір жүрем.
Маңдайымды соғып ап,
Маңайымды күлдірем.
Ақымаққа қол соғам,
Ақыл тыңдап аярдан.
Боркеміктеу болса адам
Бетін бұрар қай арман?
Өзімшілді мадақтап,
Өктемдікке «құп» дедім.
Өкініші көп өмір,
Осы ма еді күткенім?!
Кеңпейілге төрімді
Ұсына алмай дірілдеп
жатыр едім, түкті қол –
тұншықтырды түнім кеп.
Сөйтсем, мұным - өзіммен
өзім кеппін бетпе-бет.
Қарау үшін қасқайып,
Қансыз қалың бет керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарамсақтың қолын ап өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Жарамсақтың қолын ап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарамсақтың қолын ап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарамсақтың қолын ап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері