Қайда жүрсің, қай жақтың белесінде – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Қайда жүрсің, қай жақтың белесінде» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қайда жүрсің, қай жақтың белесінде,
Керуен көшіп барады, келесің бе?
Алданба жол жақын деп ұзақ күнге,
Қам жаса, көш-дүбірге құлақ түр де.
Алаңдаулы күйдемін күймемде әлі,
Жолға кеткен жандайын сүйген жары.
Неге үнсіз, белгі жоқ, хабар қайда?
Қарайған көңіл онсыз ағармай ма?
Тоқта дедім, уақыт бағынбайды-ақ,
Сусыған күн қайтемін бағын байлап.
Құлағыңа жете ме әнім жайлап,
Қадамыңды қойған-ау сағым байлап.
Тірінің сағынышына таңым да айғақ,
Өлгендер сағынбайды-ақ, сағынбайды-ақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері