Болмашыға бұртиып бұлданамын – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Болмашыға бұртиып бұлданамын» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Болмашыға бұртиып бұлданамын,
Еркелігім жасап бір жылдам адым.
Өкпелі боп ендім де жанарыңа,
Жылы күліп көзіңнен сырғанадым.
Қылығындай болды-ау деп тым баланың,
Қабағыңды бағып бір ұрланамын.
Елжірескен көңілмен бұл өмірдің
Жеңе білсек болғаны шырғалаңын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері