Алтын жүлдыз
Бұл бетте «Алтын жүлдыз» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Зейнеті болып еңбектің,
Алтын Жұлдыз жаралды.
Сәулеті болып жер,
көктің,
Жарқыратты жаһанды.
Алтын нұры төгіліп,
Жер жұлдызы жанғанда.
Бұлтта қалған көміліп,
Қөк жұлдызы арманда.
* * *
Күнбатыста бар еді бір көк орман,
Ұқсайтұғын алыстан көк күмбезге.
Ақ денемнен сорғалап қаным тамған,
Өр дауылдың ішінде со бір кезде.
Көрдім былтыр, келіпті қалыбына,
Жасыл гүлдер жауыпты атырабын.
Менің қаным сусын боп тамырына
Бұтақ тартып жайыпты жапырағын.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі