Ержүрек сақшымыз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бабалар салтымен,
Аталар даңқымен,
Бата алып қайралған
Ер жүрек сақшымыз.
Қылмысты ашатын,
Бүлікті басатын,
Қырағы қырандай,
Зорлыққа қаттымыз.

Қайырмасы:
Уа, халқым!
Жоқ табарыңбыз
Оқ қағарыңбыз,
Ар ожданыңды,
Сақтағаныңбыз.
Басыңды дауға,
Жанынды жауға,
Бермейтін де біз,
Сұрайтын сауға.

Таң болып атармыз,
Күн болып батармыз,
Бейбіт күн үшін біз,
Қылмысқа қаталмыз.
Тыныш боп халқымыз,
Бұзылмай салтымыз,
Ел үшін күресте,
Жайылды даңқымыз.

Қайырмасы
Балалар аспанын,
Әкелер дастанын,
Паш еткен әлемге,
Жалынды жастарым.
Күзеткен сақшымын,
Халқымнан қашты мұң,
Тәуелсіз думанды,
Жасасын шаттығың.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ержүрек сақшымыз өлеңінің авторы кім?

Әкім Кәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Ержүрек сақшымыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ержүрек сақшымыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әкім Кәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ержүрек сақшымыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері