Өлең, жыр, ақындар

Жаңа жылым - жаңа сырым

  • admin
  • 07.09.2024
  • 0
  • 0
  • 123
Жүректерде шертілетін жаңа сыр,
Көңіл күйін келтіретін жаңа жыр.
Келе жатыр, келіп қалды халайық,
Әппақ қырау, ақ тілекті Жаңа жыл.
Жаңа жылым, жаңа тілек достарым,
Жаңа өмірдің қарсы ал жаңа жоспарын.
Жаңа еңбектің дүбірлетіп қарқынын,
Шаттыққа бір бөлеші елдің аспанын.

Қайырмасы:
Кел Жаңа жыл әппағым,
Айтар дайын тақпағым.
Сыйлық толы сандықтың,
Ашып жібер қақпағын.
Би де билеп беремін,
Ойымда тұр өлеңім.
Молдау болса сыйлығың,
Қоян да боп көремін.
Кел үйіме кіріп кет,
Әзіл айтып, күліп кет.
Елкамызды көр дағы,
Бір ойыншық іліп кет.

Ақ қарменен арайланып ақ таңым,
Жаңа жылда шарықтасын асқақ үн.
Қазағымның көк байрағы желбіреп,
Дегендей боп, азат енді аспаным.
Жер бетінде соғыс оты жойылсын,
Ракеталар музейлерге қойылсын.
Бейбітшілік! Ұлы дүбір тойына,
Сүйіншіге ақ марқалар сойылсын!

Қайырмасы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ержүрек сақшымыз

  • 0
  • 0

Бабалар салтымен,
Аталар даңқымен,
Бата алып қайралған
Әкім Кәкімұлы

Толық

Қарап көріңіз