Парызымды өтер ме ем? – Өтебай Тұрманжанов

Бұл бетте «Парызымды өтер ме ем?» атты Өтебай Тұрманжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Балара болып,
Гүл-гүлге қонып,
Анама бал жинасам.
Тынбастан теріп,
Бейнетін көріп,
Терлеп жанды қинасам;
Гүлдің жұпар балымен
Анамды мен сыйласам,
Ақ сүтін берген өтер ме ем?!
Парызымнан құтылып,
Мұратыма жетер ме ем?!

Адам болып аялы,
Алдында жүрсем жарасып;
Шынардай болып саялы,
Жағдайына қарасып;
Әдепті болып, ізетті,
Ауылға жақса мінезім;
Көрсетіп игі қызметті,
Жай қылсам жанын, жүрегін,
Ақ сүтін берген өтер ме ем?!
Парызымнан құтылып,
Мұратыма жетер ме ем?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Парызымды өтер ме ем? өлеңінің авторы кім?

Өтебай Тұрманжанов — осы өлеңнің авторы.

Парызымды өтер ме ем? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Парызымды өтер ме ем? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Өтебай Тұрманжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Парызымды өтер ме ем? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері