Бұл бетте «Бірақ сонда махаббатым» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
3960
Кім сүртіп ед тамшы қанды,
Жаны ауырып өзіммен.
Елжіреп кім жасы тамды,
Қарақаттай көзінен.
Кім арқалап алып шыққан,
Қалың өлік ішінен.
Білмеймін мен әлдекімді,
Есіме тек түсірем.
Білмеймін мен оның атын,
Таныс емес жүзі де.
Бірақ сонда махаббатым,
Өмірімнің өзі де.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі