Лаң

Бұл бетте «Лаң» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

І
Есеп десе кiшi iнiм
Берiледi үрейге.
Сәл ойланса,
Күшiнiң
Жететiнiн бiлмей ме?
Калькулятор сұрайды
Шығармақ боп қиналмай.
– Жоқ, – десең-ақ жылайды,
Айтқаныңа иланбай.
Ойланудан қалмай ма,
Бақырса да бермеймiз.
– Шығар өзiң қалайда,
Бас ауыртып көр, – деймiз.
Содан соң ол жиi алға
Қолын созып қарайды.
Берiлген боп қиялға:
Саусақтарын санайды.
Өз сауағы жетпесе,
Ағам да әкеп қосады.
Жиырма саусақ жетпесе,
Анам да әкеп қосады.
Бiрлессе өстiп үй-iшi,
Шығады есеп оңай-ақ.
Дұрыс емес мұнысы,
Жүрем бiрақ оны аяп.

ІІ
Бүгiн үйде жоқ едi
Атам, апам, анам да.
Жұмысы тым көп едi,
Кетiп қапты ағам да.
Iнiм үйге келiптi,
Ренiш бар түрiнде.
Көп-көп есеп берiптi
Жамал апай бүгiнге.
Тамақтанып болғасын,
Есепке iнiм отырды.
Сүйей-сүйей ол басын,
Шығара алмай өкiндi.
Ойлай-ойлай ақыры,
Таусылыпты шыдамы,
Жалына атап атымды,
Саусағымды сұрады.
Бiр рақым еткелi
Қос қолымды төседiм.
Бiрақ бұл да жетпедi
Шығаруға есебiн.
Сосын екi шұлығын
Лезде шешiп тастады.
Сипап қойып тұлымын,
Башпай санай бастады.
Онысына мәз болды,
Деп ендi оңай шешемiн.
Бiрақ бұл да аз келдi
Шығаруға есебiн.
– Шығар, – деп ем, – ауызша,
Кеңесiме көнбедi.
Көзiнен жас ағыза,
Бөледi «әнге» бөлменi.
Айта-айта шаршадым,
Кiм көрiптi мұндайды.
– Аяғыңның саусағын
Санатшы! – деп жылайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лаң өлеңінің авторы кім?

Сұлтан Қалиев — осы өлеңнің авторы.

Лаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұлтан Қалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері