Сыр – Сұлтан Қалиев

Бұл бетте «Сыр» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қадағалап iнiмдi,
Тергеп тұрам кешке мен.
– Бағаңды айт, – деп, – бүгiнгi, –
Күнделiгiн тексерем.
Көрсетуге қысылып,
Кей күнi ол көнбейдi.
Кейде өзi ұсынып:
– Мә, тексерiп көр, – дейдi.
Көрсетуге қысылса,
Аян «екi», «бiр» бары.
– Тексершi, – деп, ұсынса,
«Төрт» пен «бестiң» тұрғаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері