Қара түн, қалың орманда – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қара түн, қалың орманда» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4905
Жасыл орман жазғы желге
Жайқалады терегі.
Қару асып жалғыз түнде
Партизан қыз келеді.
Су сылдыры, ну сыбдыры
Ойды онға бөледі.
Күшейеді жел шуылы,
Партизан қыз келеді.
Өлі ұйқыда ешбір заттың
Білінбейді дерегі.
Тасасында табиғаттың
Партизан қыз келеді.
Штаб үйі әлі алдында
Осы еді оған керегі.
Сырттан жайлап қарауылға
Қара бұлттай төнеді.
Қапияда қалды басып,
Қарауылды ауыздан.
Өткір қанжар қанын шашып,
Қорқырады жауыз жан.
Штаб үйін алды мезгеп,
Гранатын байлады.
Атты оны дәлдеп көздеп
Шықты үйдің ойраны.
Жауыз көзден қорып оны,
Жасырды орман терегі.
Қан жорықта болып жолы
Партизан қыз келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара түн, қалың орманда өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қара түн, қалың орманда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара түн, қалың орманда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара түн, қалың орманда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері