Әже – Сұлтан Қалиев

Бұл бетте «Әже» атты Сұлтан Қалиев жазған әже туралы өлең берілген.

Ұл-қызыңа ерген
Немерең – бiз, әже.
Немереңнен өрген
Шөберең – бiз, әже.
Үйреткен сөз мәнiн
Тiлiмiзсiң, әже.
Жарқыраған дәйiм
Күнiмiзсiң, әже.
Шуағында сеуiп
Жайна, анамыз, әже.
Жұлдыздарың сенi
Айналамыз, әже.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Айзере

Өте керемет маған ұнады әжем рахмет деді

Осы автордың басқа өлеңдері