Көктем келіп
Бұл бетте «Көктем келіп» атты Сұлтан Қалиев жазған табиғат туралы өлең берілген.
Талдар көктеп, жер көктеп,
Көктемді ауыл қарсы алды.
Құстар келді лек-лек боп,
Келе сайрап, ән салды.
«Құс көктемде ән салып,
Жұп іздейді әнімен», –
Дегенді оқып,
Тамсанып,
Бірде мен таң қалып ем.
Ләззат сыйлап адамға,
Ән сап жатыр барша құс.
Көктем келіп,
Ағам да
Болып алды ән салғыш.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі