Бекер кекеп жүрміз бе – Сұлтан Қалиев

Бұл бетте «Бекер кекеп жүрміз бе» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көкек десе безілдеп,
Мұнысына көкектің
«Шақырады өзін» деп,
Күлеміз-ау кекеп тым.
Елеп оның өнерін,
Неге көңіл бөлмеске.
«Көкек, көкек» дегенін
Неге талдап көрмеске.
«Жүрсін, – деп, – жұрт сүйсініп»,
Емес пе айтқан өлеңі?
Әлде бізге бұйырып:
Шығар «Көк ек!» дегені.
Бұйырса да ол өктем,
Неге тілін алмасқа?
Дәруменге
Көк еккен
Қарық болып қалмас па?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері