Жыл маусымы – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Жыл маусымы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сұрақтарым көп еді,
Айтар кезі дөп келді.
Халық неге айтады,
«Туады» деп көктемді?
Неге десең, көктемде,
Көктем келіп жеткенде,
Құлын, қозы, бұзау, лақ
Толып өріс беткейге,
У-шу болып жатпай ма,
Мал төлдерін таппай ма?
«Көктем туды» деп халық
Сондықтан да айтпай ма?

Ендеше, айт мынаны,
Жаз неге онда шығады?
Егін шығып болады,
Қауыздары толады.
Орақ кезі басталып,
Диқан бидай орады,
Қырман тау боп жатады.
«Жаз шығады» деп халық
Сол себепті айтады.

Білген жұмбақ шешеді,
Бір білмегім осы еді.
Ал халқымыз неліктен,
«Күз түседі» деседі?
Келген кезде ақырап,
Сарғаяды атырап.
Ағаштардан түседі,
Әрі кеткен жапырақ.
Шопан жүгін артады,
Таудан түсіп қайтады.
Сол үшін де халқымыз,
«Күз түсті» деп айтады.

Жауабыңды бер енді,
Ал қыс неге келеді?
Тау, жотаны, даланы,
Қырау тегіс жабады.
Қыстың алғаш белгісі,
Сулар қатып қалады.
Қыс хабарын береді,
Қамданады ел енді.
Содан жолын күткеннен,
Дейді «Қысты келеді».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыл маусымы өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Жыл маусымы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыл маусымы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыл маусымы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар