Ұшты зымыран аспанға
Бұл бетте «Ұшты зымыран аспанға» атты Бүркіт Ысқақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 20.09.2024
- 0
- 0
- 3918
Көшемізде көп бала
Жиналады топтала.
Соқпайды олар аққала,
Жүгірмейді доп қаға.
Ойнамайды «соғысты»,
Ұнатпайды бұл істі.
Баяғыдай асықты
Атудан да қашыпты.
Енді олардың өнері –
Зымыранның моделі.
Бірі қазып үңгірді,
Орнатар мықты тұғырды.
Қояды оған төндіріп,
Зымыранын қондырып.
Енді бірі газ беріп,
Басқасы қарар мәз болып.
Шүріппені бірі басқанда,
Ұшты зымыран аспанға…
…Ғарышты құшар кез келіп,
Ойын да кетті өзгеріп.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі