Шахтёр мен ғарышкер – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Шахтёр мен ғарышкер» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Байқоңырдан еркелеп жел еседі.
Жезқазғанның забойларын кешеді.
Ғарышкерлер ұшарында шахтёрге
Сәлем айтып жібереді деседі.

Сондай сәтте көңілім менің өседі,
Төгіледі кеннің қымбат кесегі.
«Ғарышкерлер», «Шахтёрлер» деп айтамыз,
Қатар салған екі бірдей көшені.

Бірі – биік, бірі терең заулайды,
Екеуі де ерлігімен баурайды.
Космодром шахталарым сияқты,
Ал ғарышкер шахтёрлерден аумайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері