Елім менің – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Елім менің» атты Сағи Жиенбаев жазған отан туралы өлең берілген.

Балғын өлкем – баулары маужыраған,
Қырларында қызыл гүл жаудыраған.
Аңқиды жұпар иісі кең даланың
Әр белден, әр төбеден, әр қиядан.

Қайырмасы:
Туған елім менің –
Кіндік кескен жерім,
Айналдым сенен, Қазақстаным.

Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып,
Құшақтап бір өзінді, туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.

Қайырмасы:

Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Сары белде сағымдар арасынан
Тарайды дән жұпары бар әлемге
Қазақтың қасиетті даласынан.

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері