Бұл бетте «Салтанат» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ел үшін ер-азамат еңбегі де,
Өзіңмен бірге бүгін ел де, міне.
Әрқашан айнымауға ант етеміз,
Ризамыз, Ұлы дана, сенгеніңе.
Жаңғыртып сәулесімен күміс таңның,
Жасадың өз қолыңмен ырыс бағын.
Әрқашан еске алады бір өзіңді,
Кең байтақ Қазақстан – гүлстаның!
Өзіңнен көргендейміз нұр-шуақты,
Гүлдері кеудеміздің бүршік атты.
Жан-көсем, кездесуге асығамыз,
Көрінген көгімізден күн сияқты!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі