Алматы туралы ән

Бұл бетте «Алматы туралы ән» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сағындың ғой көптен,
Самал желді өпкен,
Жұпар шашты көктем, Алматым.
Гүлге оранды бағың,
Бастады жыр-әнің,
Құлпыратын шағың, Алматым.

Қайырмасы:
Алматым – аяулым,
Құшағыңды аш маған.
Асқар тау – саялым,
Алтын бесік астанам!

Бақытым да – бір сен,
Арманым жоқ сенің
Құшағыңда жүрсем, Алматым.
Мөлдіреген көлің,
Желбіреген көгің –
Қуанышым менің, Алматым.

Қайырмасы:

Асыл әнім – сенде,
Жасыл бағым – сенде,
Ғашық жарым – сенде, Алматым.
Аялайтын анам,
Арқа сүйер панам,
Еркелеймін саған, Алматым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері