Айна көлім
Бұл бетте «Айна көлім» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көгеріп көрінбейді айна көлім,
Көктем де желпімейді майда лебің.
Ағарып атқан таңдай қарсы алатын
Аяулы ақ сұңқарым қайда менің?!
Ақ жүзін көрмегелі айлар өтті,
Көктем де жақындады майда лепті.
Сәлемін жеткізбейді жел де маған,
Аяулы ақ сұңқарым қайда кетті!
Күн сайын қарсы аламын таң арайын,
Қалқаның алма бағын аралаймын.
Сыбырлап сыр айтпайды сұлу емен,
Мүлгиді тасаланып бала қайың.
Көгеріп көрінбейді айна көлім,
Көктем де желпімейді майда лебін.
Алтын ай, сыбырлашы, сағындым ғой,
Аяулы ақ сұңқарым қайда менің?!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі