Аққуым – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Аққуым» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Құштар еді гүл-көктемнің лебіне,
Көктемменен бірге еді оның демі де.
Әлденеден кетті ме екен шошынып,
Аққу құсым оралмай жүр көліне.

Көктемге еріп, көк шалғынды белеңмен
Құстар ағып кетіп жатыр өлеңмен.
Батар күннің шұғыласына малынып,
Жалғыз аққу өтпеді ме төбеңнен?

Ақ нұр еді, балғын еді өзі де,
Жолықтың ба налып жүрген кезіне.
Айдын көлде жәудіреген жанары
Жалғыз аққу түспеді ме көзіңе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққуым өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Аққуым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққуым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққуым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері