Бұл бетте «Домбыра» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзіңсің жалғыз іңкәрім,
Өзіңсіз менің шын ием,
Армандай күткен тұлпарым,
Маңдайға біткен дүнием.
Қалдырмай кірбің көңілде,
Тартамын сені шалқытып.
Тұрасың үйдің төрінде,
Даламның иісін аңқытып.
Көзіндей ата-бабаның,
Өзіңсің елдің ажары,
Осынау байтақ даланың
Тарқамай келген базары.
Кеудеде қалмай қаяу-мұң,
Кәрі-жас толқып, толғансын.
Домбырам, асыл аяулым,
Қазағым бар да, сен барсың.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі