Арыстанбай асуы
Бұл бетте «Арыстанбай асуы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әлдекімге төнгендей,
Бетіне шығып ашуы.
Жататұғын жол бермей
Арыстанбай асуы.
Тұйықталып бір жола
Адырын жан баспаған.
Сусыз, нусыз, қу дала
Ұйқыдан көз ашпаған.
Асуы алпыс шақырым
Жоталы адыр, жолы ұзақ.
Жалап жалаң тақырын
Соғатұғын аңызақ.
Жаңа өмір — жаңа адам,
Қолқасына қол салды,
Қан тамырдай тараған,
Тұс-тұсынан жол салды.
Бұлтқа ұласып адырда,
Будақтаған шаң қалды.
Арыстандай арынға —
Арыстанбай таң қалды.
1949
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі