Ана әлдиі
Бұл бетте «Ана әлдиі» атты Сағи Жиенбаев жазған ана туралы өлең берілген.
-
admin
- 30.09.2024
- 0
- 0
- 1057
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Менің құйттай құлыным,
Кімге ғана тартты екен?!
Әлди-әлди, ақ көкем,
Ақ төсекке жат, көкем.
Менің құйттай бөпешім,
Неге ғана тәтті екен?!
Жая ма екен, жал ма екен,
Жұпар ма екен, бал ма екен.
Ақылы көп, осындай,
Аппақ бала бар ма екен.
Құлыншағым қайда екен,
Ұрыншағым қайда екен.
Қасына әкеп қояйын,
Қуыршағы қайда екен?
Әй-әй, бөпем, әй, бөпем,
Жұлдыз ба екен, ай ма екен,
Менің әппақ көкемдей
Әй-әй, бөпе қайда екен?!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі