Асыл жандар
Бұл бетте «Асыл жандар» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асылым, асқар таудай дара тұлғаң.
Адамның алғысынан жаратылған.
Жүресің барлық елдің қамын ойлап,
Түскендей аққу құстың қанатынан.
Шарқ ұрып күндіз-түні адам үшін,
Жүгірген кең даланың самалысың.
Тұратын кеуделерге сәуле құйып,
Осынау дүниенің ажарысың.
Күтеді барлық адам жаны қалмай,
Жарқ етіп бір көрінсең сауығардай.
Емдейтін жүрегінің жарығымен
Бар екен сенен артық дәрі қандай?!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі