Ардақтаңдар ананы – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ардақтаңдар ананы» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бірге жайнап, бірге лаулап көктеммен,
Жүректерг жарық берген, от берген.
Таң күзетіп, түн ұйқысын төрт бөлген,
Ардақтаңдар, ардақтаңдар ананы!

Ұмытпаңдар аналардың әлдиін,
Сол әлдиден басталады ән-күйің.
Суытпаңдар елжіреген жан күйін,
Ардақтаңдар, ардақтаңдар ананы!

Арнады ана сәбиі үшін тағдырын,
Арнады оған бар қызығын, бар жырын.
Алау күнін, албырт күнін, бал күнін,
Ардақтаңдар, ардақтаңдар ананы

Азаматтар, ана жөні бір бөлек,
Аналарға қуат керек, жыр керек.
Аналарға шуақ керек, нұр керек,
Ардақтаңдар, ардақтаңдар ананы!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері