Апатайым – алтын айым
Бұл бетте «Апатайым – алтын айым» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 30.09.2024
- 0
- 0
- 1334
Қарғашымды тербетсін деп,
Сен айтпаған ән бар ма?
Қабақ шытпай ержетсін деп,
Сен аспаған тау бар ма?
Қайырмасы:
Жанарыңа нұр ойнасын,
Көк жүзінен тараған,
Көп ойланып, мұнаймашы,
Мұнаймашы, жан анам!
Шарладың ғой құстай ұшып,
Аспан – жердің арасын.
Қиналдың ғой бір мен үшін,
Бір мен үшін, анашым.
Қайырмасы:
Апатайым – алтын айым,
Тұршы жайнап көгімде.
Бір сен үшін талпынайын,
Шарқ ұрайын өмірде.
Қайырмасы:
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі