Бұл бетте «Дала жұлдыздары» атты Сағи Жиенбаев жазған табиғат туралы өлең берілген.
Армысыңдар, даланың қырандары – құрбылар!
Қол жетпейтін армандай қияндағы, қияндағы құрбылар!
Қыран болу қайда бұл жасықтарға, құрбылар!
Қыран деген әншейін қиял–дағы, қиял–дағы, құрбылар.
Бармысыңдар, даланың арулары –
Жақсыларды көрмейтін жанындағы, құрбылар.
Қыз дегенің құлпырып тұрушы еді,
Қайда кеткен бұлардың жалындары, құрбылар?
Қанша күйе жаққанмен тозбайды алтын, құрбылар.
Көңіл түгел, бірің жоқ көзді арбайтын,
көзді арбайтын, құрбылар.
Енді әдептен әрі аспайық,
Қабақ түйіп тараспайық,
Достар! Таласпайық!
Көңіл, шіркін, жарасса, болғаны да!
Құрбылар!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі