Қарғашым – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Қарғашым» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қададың-ау, қарғашым, жанарыңды.
Еске салып балауса бала күнді.
Сен күліп ең, жадырап кең дүние,
Аспан күлді, тау күлді, дала күлді.

Қайырмасы:

Сен қарадың мөлдіреп,
Мен қарадым елжіреп.
Бәрін айтқан көзің ғой,
От болатын өзің ғой.
Көбелектей үйіріліп,
Кеп қонатын кезің ғой.

Боялғандай болды ғой дала нұрға,
Күн сәулесі бар ма еді жанарыңда.
Тұңғиыққа кеттің ғой мені үйіріп,
Жанарыңмен жалт етіп қарадың да.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері