Еркетайым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Кең даланың кер маралы,
күн қызығар келбетіңе,
Келші бермен – тигізбеймін жел бетіңе.
Келші бермен, еркетайым,
Бірге шалқып, бір күлейік,
Қос аққудай бір жүрейік.
Көк аспанның күмбезінде
жаңа туған ай секілді
Ақ дидарың нұр таратсын жер бетіне.
Келші бермен, еркетайым,
Бірге шалқып, бір күлейік,
Қос аққудай бір жүрейік.
Кең даланың кер маралы,
жалт еткенде көз жанарың,
Елжіретер жан жүрегін бозбаланың.
Келші бермен, еркетайым,
Бірге шалқып, бір күлейік,
Қос аққудай бір жүрейік.
Балбыраған балаусадай
енші менің құшағыма,
Деп жүрейін: «Мәңгі – бақи өз қарағым»
Келші бермен, еркетайым,
Бірге шалқып, бір күлейік,
Қос аққудай бір жүрейік.


Пікірлер (1)

Ханшайым

Рахмет ????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еркетайым өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Еркетайым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Еркетайым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еркетайым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері