Өлең, жыр, ақындар

Ақ толқын

  • admin
  • 01.10.2024
  • 0
  • 0
  • 440
Сен менің толқыным ең,
Кеудемді толтырып ең
Ән мен күйге,
Алдыңнан шығатын ем,
Аялап тұратын ем
Таңмен бірге.
Тербетіп жалғыз арман
Жүретін жас жанымда.
Жүзетін жалғыз аққу
Аспанымда.

Қайырмасы:

Гүл бейнең көңілімде,
Іздеймін сені күнде. 2 рет
Аяулым, асыл еркем,
Ақтолқыным.

Сен менің еркем едің,
Көктемдей көркем едің,
Балғын едің,
Нұр ойнап гүл өңінде –
Мәңгілік жүрегімде
Қалды менің.
Шығушы ек қол ұстасып.
Таулардың асқарына.
Қонушы ең бұлбұл болып
Жас бағыма.

Қайырмасы:

Өзі едің арманымның
Есінде бар ма бүгін
Өткен күндер,
Қоштасып әлдеқалай,
Артына бір қарамай
Кеткен күндер.
Балғын күн, бал дәуренім,
Қайта бір оралар ма?
Алдымнан самал болып
Соға алар ма?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Солдатқа хат

  • 0
  • 0

Солдатқа хат - Сағи Жиенбаев
Қызық па солдат өмірі,
Жауынгер жолдас, хал қалай?
Босаңдау едің, толығып,

Толық

Кең далам

  • 0
  • 0

Кең далам - Сағи Жиенбаев
Туған далам, сенің аппақ көп құсың
Кең дүниенің шарлап – сүзіп кетті ішін.
Бір жарқ етіп түспедім ғой көзіңе,

Толық

Сүт туралы баллада

  • 0
  • 0

Көшті талай көк аспанның бұлттары,
Көпті жұрттың көзіндегі шықтары.
Төрт жыл бойы асыраған —
бірақ та

Толық

Қарап көріңіз